Бас жаңалықтар
Биыл мемлекеттік тапсырыспен 43 сериал түсіріледі
25 Маусым 2019, 16:04 297

Биыл мемлекеттік тапсырыспен 43 сериал түсіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев алты айда ақпарат саласында  атқарылған шаралар туралы есеп берді.

"Алты ай еліміз үшін түрлі саяси оқиғаларға және ауқымды шараларға толы болды. Ақпарат, азаматтық қоғам, қоғамдық келісім мен жастар және отбасы саясаты негізгі бағыттарын пысықтап алу да негізгі міндеттердің бірі. Ақпарат саласы бойынша министрлік тиісті заңды жетілдіру жұмыстарын жалғастырып, келесідей қажетті түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. БАҚ кейбір өнімдерді жарнамалауға тыйым салуды тоқтату, мемлекеттік тапсырысты аймақ деңгейінде мемлекеттік сатып алу жүйесіне шығару,  БАҚ-ты салықтан босату", - деді министр. 

Абаев БАҚ саласын жаңғырту мен сапалы телевизиялық контент қалыптастыру жұмыстары бір сәтте тоқтамағанын, бұл жұмыс жалғасатынын айтты. 



"Мысалы Tamasha TV деп аталатын алғашқы әзіл-сықақ бағыттағы телеарна өз бағдарламаларын көрермен назарына ұсына бастады. "Еларна" киноарнасы дамып келе жатыр. Олар биыл хабар таратудың жаңа сатысына көшеді. Ендігіде бұл телеарна арқылы отандық фильмдерді ғана емес, театр сахнасындағы үздік қойылымдарды да тамашалауға болады. Жағымды жаңалықтың бірі қазақстандық телевизия мен баспасөз құралдары көрші елдерде көрсетіле бастады. Бұл өзге мемлекеттегі қандастарымыз үшін қолға алынған шара", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі есеп беру кездесуінде.
 
Ведомство басшысы көптеген жылдар жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Kazakh TV мен "Хабар 24" арналарын Ресей Федерациясында тіркеуге қол жеткізілгенін айтты. 



"Ресейлік спутниктік және кабельдік операторлармен де келіссөздер жақсы деңгейде жүргізіледі. Олар алдағы уақытта да өз пакеттеріне яғни өз желілері арқалы біздің арналарды көрсете бастайды. Отандық телехикаяларды дамыту жұмыстары да жоспарға сай жүргізіліп отыр. Өткен жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 46 сериал түсірілсе, биыл 43 сериалды тапсыру жоспарланып отыр", - деді ол.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...

Сізден жаңалық