Бас жаңалықтар
Биыл Қызылорда облысында 98 тұрғын үй салынады
20 Қаңтар 2021, 22:41 231

Биыл Қызылорда облысында 98 тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына 7 млрд теңге қаржы бөлінді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

Жыл ішінде 2172 пәтерлік 98 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін 342 пәтер сатып алынады. Оған бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. Баспананың 192-сі қала, қалғаны аудан тұрғындарына беріледі.

Жалға берілетін 1020 пәтерді құрайтын 95 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Мәселен, Шиеліде - 72 пәтерлі 4 тұрғын үй, Байқоңыр қаласында 250 пәтерлі 5 үй, Сырдария ауданында - бір пәтерлі 33 үй, Қызылорда қаласында 590 пәтерлі 12 тұрғын үй.

Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 75 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38, жеке қаражат есебінен 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Жалпы облыста биыл 644,7 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді Арнұр Әлібекұлы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...