Биыл құқыққа қайшы 10 мыңнан астам шетелдік ресурс анықталды – Шүлден

5 Қазан 2021, 13:03
3460
Бөлісу:
Биыл құқыққа қайшы 10 мыңнан астам шетелдік ресурс анықталды – Шүлден

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаменті ұйымдастыру-әдістемелік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ермек Шүлден ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.

Министрлік ғаламторды мониторингілеу тұрақты жүргізіледі. Биыл 10420 шетелдік ғаламтор ресурсы теріс пиғылды көздегені анықталды. Бұл тек адам саудасына қатысты емес, жалпы құқыққа қайшы контент жинақталған. Оған порнографиялық материалдар, экстремизм, есірткі заттарын насихаттау жатады, - деді Шүлден.
Оның айтуынша, қазір осы сайттың 3427-сіне тосқауыл қойылды.

Осылайша, құзырлы органдарға деректер жіберіліп, сайттар бұғатталып жатыр. Адам саудасы туралы жеке мәлімет берген адамның жеке деректері заң бойынша қорғалады, - деді ол.

Еске салсақ, елімізде 5 жыл бойы адам саудасымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы