Бас жаңалықтар
Биыл колледжге оқуға қалай түсуге болады?
22 Маусым 2021, 15:46 414

Биыл колледжге оқуға қалай түсуге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл республика бойынша колледждерге 97 мың орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Бұл туралы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты.

Колледждерге қабылдау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты бойынша жүргізіледі. Ең бастысы қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ колледждер арасында бәсекелестік арқылы кадрларды даярлаудың сапасын арттырамыз, - деді ол.

Департамент директорының сөзінше, 2021-2022 оқу жылдарында республикада 795 колледж қызмет етеді. Оның ішінде 454 мемлекеттік және 341-і жекеменшік колледж. 641 колледжге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Яғни грант берілген.

Биыл республика бойынша 97 мың орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы (Baq.kz - грант) бөлінді. Білім мамандықтары бойынша 11 мың орын, медицинаға 5 мың орын, қызмет көрсету саласы бойынша 10 мың орын, құрылыс мамандықтарына 7 мың, телекоммуникация және ақпараттық технологияларға 8 мың орын бөлінді, - деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Осы жылы колледждерге қабылдаудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Абитуренттер емтихан тапсырмайды. Тек қана педагогика, медицина, өнер және шығармашылық мамандықтары бойынша емтихандар тапсырады. Сонымен қатар абитуренттер 4 мамандық және 4 колледж таңдайды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға конкурс аттестаттық бағалары бойынша жүреді. Қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурсты автоматтандырылған жүйелер арқылы Білім басқармалары жүргізеді, - деп түсіндірді БҒМ өкілі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...