Бас жаңалықтар
Биыл кімдерге рақымшылық жасалады?
08 Қыркүйек 2021, 00:11 132

Биыл кімдерге рақымшылық жасалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобын түсіндірді.

Polisia.kz жазуынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарауға кірісті.

Қарастырылып отырған құжатта алғаш рет әлеуметтік жағынан осал адамдар ұғымы енгізілді. Заң жобасының 2-бабына сәйкес оларға Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, оның ішінде бұрынғы КСРО әскери қызметшілерінің жесірлері жатады.

Бұл санатқа қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он сегіз жасқа толмаған адамдар, елу жасқа толған және одан үлкен әйелдер, сондай-ақ алпыс жастан асқан ерлер де кіреді.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, сотталған, ата-ана құқықтарынан айырылмаған және осы Заң қолданысқа енгізілген күні кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы деп танылған және ата-ана құқығынан айырылмаған әйелдерді де назардан тыс қалдырмады.

Заң жобасында қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс жасаған сотталушыларды жазадан босату ұсынылады.

Сондай-ақ заң жобасында қарастырылған адамдар үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылады.

Аталған топтағы адамдар тобын қарау кезінде қалған залалды толық өтеуі, сондай-ақ осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан аспайтын уақыт теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы ескеріледі.

Өз кезегінде, заң жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етуі, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету көзделген.

Рақымшылық педофилдерге, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қатысты қолданылмайды.​

ҚАЖ комитетінде 30 жыл ішінде Қазақстанда 8 рақымшылық жасалғанын, соңғы төрт рақымшылық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылғанын атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...