Бас жаңалықтар
Биыл 200-ден астам мектеп салынады
27 Қыркүйек 2021, 15:29 911

Биыл 200-ден астам мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары елімізде 1900-ге жуық жаңа мектеп бой көтерген.

Алайда демографиялық өсу қарқынына байланысты мектептер тапшылығы әлі де бар. Егер бүгінде орын тапшылығы 260 мың орынды құрайтын болса, 2025 жылға дейін ол шамамен 4 есеге дейін ұлғаюы мүмкін екендігін ескерген жөн. Қазіргі күні бұл мәселені бірнеше рет талқылай отырып, нақты шешімдер айқындалды, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Алдағы уақытта ол жаңа мектептер құрылысы барысында 2000-нан 3000, 4000 орынға дейін арттырып, оны, әсіресе, жеке сектор есебінен салынатындығын алға тартты.

Жалпы биыл кемінде 200-ден аса мектеп салынатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай орын тапшылығы мәселесін, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептерді толықтай шешетін боламыз. Сонымен қатар толық білім беретін ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға көшу іске асырылады, - деп отыр Үкімет басшысының орынбасары.

Өйткені қазіргі күні өңірлер арасында мектептерді қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы айырмашылығы айтарлықтай көрінеді.

Мысалы, бір оқушыға шаққанда Түркістан облысында мектептерге 260 мың теңге бөлінсе, Ақтөбе облысында бұл сома 525 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл мәселелерді болашақта шешу жолын «Ауыл мектептеріне арналған жан басына қаржыландырудың бірыңғай нормативін» енгізу арқылы бір оқушыға жұмсалатын шығын барлық өңір бойынша теңестіріледі. Бұл білім саласының дамуына оң ықпал етері сөзсіз, - деді Премьер-министрдің орынбасары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...