Биыл кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылу керек – Бердібек Сапарбаев

23 Тамыз 2019, 16:17
6005
Бөлісу:
Биыл кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылу керек – Бердібек Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының саяси кеңесі бюросының отырысында берген тапсырмасы бойынша елімізде кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылу керек. Бұл туралы бүгін үкіметтегі баспасөз мәжілісінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл қазақстандықтардың жалақысы екі есе өсті. Есептеп қарайтын болсақ, жалпы 3 млн-нан астам азаматтың жалақысы 15-тен 30 %-ға дейін көбейтілді. Ең үлкен берілген тапсырма – қазақстандықтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Қазіргі біздің мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан 14 мемлекеттік бағдарлама арқылы біз осы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. биылғы тапсырма бойынша елімізде кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылу керек», - дейді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, 7 айдың қорытындысы бойынша тапсырманың 60 %-ы орындалған. Оның ішінде 150 мыңнан астамы – нақты жұмыстар.

«Бұған қосымша қазіргі таңда сұраныс жоқ мамандық иелеріне сұранысқа ие болған мамандықты оқыту үшін қысқа мерзімдегі курстар ұйымдастырылған. Сіздер білесіздер, мемлекетімізде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бастау», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» жобалары жүзеге асырылып жатыр. Микронесиелік гранттар, оған қосымша Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларына сәйкес, қосымша тағы 15 мың грант берілді. Соның нәтижесінде жастар өздерінің кәсіптерін ашып, тұрмыстарын жақсартты. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін соңғы нақтыланған бюджет бойынша 32 млрд теңге бөлінді», - деді премьер-министрдің орынбасары.


Өзгелердің жаңалығы