Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткіш орнатады – Путин

30 Қыркүйек 2021, 14:35
14623
Бөлісу:
Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткіш орнатады – Путин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Біз бүгін Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумын 17-мәрте өткізіп отырмыз. Былтыр пандемияға қатысты форум ұйымдастыруға мүмкіндік болмады. Осы форум барысында да маңызды мәселелер талқыланатына сенімдімін. Біздің елдер арасында сауда-интеграциялық ынтымақтастық жақсы дамыған. Биылғы 7 айда екіжақты тауар айналымы 34 пайызға ұлғайып, 14 млрд долларды құрады. Жыл қорытындысы сауда айналымы 20 млрд долларға жетіп, рекордтық көрсеткіш орнатады деп болжанып отыр, - деді Путин.

Ресей басшысы атап өткендей, бұл өңіраралық ынтымақтастық нәтижесі.

Соңғы кезде бизнес өкілдері мен делегация алмасу белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл да ол дәстүр жалғасатынына сенімдімін. Бұл форумда бірқатар маңызды келісімшарттарға қол қойылады. Өңіраралық ынтымақтастық бойынша 2023 жылға дейін бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылмақ. Бүгінде экология мәселесі трендте тұр. Қазақстан мен Ресей үшін де бұл мәселе өте маңызды, - деді Путин.


Өзгелердің жаңалығы