Биыл қанша ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген?

16 Қараша 2021, 09:27
783
Бөлісу:
Биыл қанша ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел бойынша барлығы 6316 ауыл бар. Оның ішінде 3991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.


Министрдің сөзінше, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Сумен жабдықталмаған 1922 ауылдың мәселесін шешу үшін мынадай шаралар қабылданып жатыр.

793 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жоспарланған. 200-ден аз адам тұратын шағын ауылдарда нақтырақ айтсақ, 1129 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады. Биыл тағы 148 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау және халқы аз 220 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспарланған, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.


Өзгелердің жаңалығы