Биыл көлік және құрылыс қызметтерінің экспорты өседі

16 Сәуір 2019, 11:41
1678
Бөлісу:
Биыл көлік және құрылыс қызметтерінің экспорты өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың мамыр айында «Қазақстанда жасалған» атты бренді құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.

«Биыл сервистік қолдау шаралары аясында экспорттаушылар үшін 15 сауда-экономикалық миссия, 7 ұлттық стенд, 4 сауда белгісінің таныстырылымы болады. Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорындардың жақын және алыс шет елдердегі мамандандырылған көрмелерге қатысады. Экспорттаушыларға потенциалды шетелдік сатып алушылармен кездесулер өткізу, олардың өнімдерін жарнамалау, сондай-ақ көрме алаңын жалға алу,  экспорттаушылардың шығындарын өтеу, қатысушыларға арналған үй-жайлар мен тамақтану, рейстер мен аударма қызметтерін төлеуге жәрдемдесетін болады», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл қолдау экспорттаушылардың 70%-ын, кемінде 270 отандық компанияны қамтиды. Шетелде қазақстандық тауарларға деген сұраныс пен ақпараттарды арттыру үшін биыл мамыр айында «Қазақстанда жасалған» атты бренді құрылады.

«Қазақстанда жасалған» брендімен айналысатын жауапкершілігі жоғары экспорттаушылар мемлекеттік экспорттық қолдаудың ауқымды шараларын қолданады. Бұл экспорттаушыларды ілгерілетуде жарнама мен жарнаманың құнын айтарлықтай төмендетуге және жаңа нарықтарға шығу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін министр Қазақстан 120 елге 800 тауар түрін шығаратынын және отандық құрылыс компаниялары құрылыс саласындағы халықаралық нарықтарды дамытуға кіріскенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы