Биыл есірткіге қатысты 2 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді – Нұрғалиев

11 Қазан 2021, 11:36
3431
Бөлісу:
Биыл есірткіге қатысты 2 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді – Нұрғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Берікхан Нұрғалиев министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Осы жылдың 9 айы ішінде 1 929 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 1 136 есірткі өткізу фактісі және 326 есірткіні аса ірі көлемде сақтау фактілері бар. Ұйымдасқан 7 қылмыстық топтың жолы кесілді. Осы топты құрып және басқаруға қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды. 12 тоннадан астам әртүрлі есірткі құралдары алынды, оның ішінде 4,9 кг героин, 9 тоннадан астам марихуана, 376 кг гашиш және 107 кг синтетикалық есірткілер, - деді Нұрғалиев.
Ол атағандай, 14 қазаннан бастап синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түрі мен 17 прекурсордың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Өйткені осы заттардың көмегімен есірткі жасалуы мүмкін. Осы жаһандық қатерге қарсы күрестің жай-күйі және басқа да шаралары туралы біздің қонағымыз, айтып береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы