«Еңбек». 80 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды - Шөкеев

19 Қараша 2021, 14:27
778
Бөлісу:
«Еңбек». 80 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды - Шөкеев

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан 80 315 адам жұмыспен қамтылып, 14,4 млрд теңге бағытталды. Бағдарлама аясында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 2 501 адам жұмысқа орналасты, -деп мәлімдед Шөкеев.

Сонымен қатар әкімнің айтуынша, «жұмыспен қамту жол картасы» аясында 34,5 млрд. теңгеге 58 жоба іске асып, 1 872 жұмыс орны құрылған.

2021 жылдың ІІ-тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады. 41,6 мың отбасыға (230 мың адам) 11,2 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде еңбекке жарамды 47 мың адам жұмыспен қамтылды. Аз қамтылған отбасылардағы 1-6 жастағы 43,8 мың балаға 1,7 млрд.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтермен қамтуға 4,5 млрд теңге қаралып, 80%-ға қамту жоспарлануда. Бұл көрсеткіш бүгінде 72%-ға жетті, -дейді Ө.Шөкеев.

Шөкеев сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру үшін 868 нысанға бейімдеу жүргізілгенін атап өтті.

14 мемлекеттік мекемеде 7 320 мұқтаж азаматтарға қызмет көрсетуде. Қосымша 200 орындық оңалту орталығының құрылысына 219 млн теңге бөлінді. Нысан құрылысы келесі жылы аяқталады деген жоспар бар, -дейді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы