Бас жаңалықтар
Биыл елордада мобильді байланыс сапасын арттыратын 16 антенна орнатылады
08 Қазан 2020, 12:45 99

Биыл елордада мобильді байланыс сапасын арттыратын 16 антенна орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов елорданы  цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Қала әкімдігі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, мобильді  байланысты жақсарту жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Биыл 16 антенна орнату жоспарланған. Елордада мобильді байланыс нашар ұстайтын аудандар анықталды. Бұл жұмыс мобильді байланыс жүйесін айтарлықтай жақсартады деп ойлаймыз, - деді ол. 

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек «ақылды» шлаугбаумдар туралы айтып берді.

Жақында әкімнің қолдауымен пилоттық жобаны іске асырдық. Ең бастысы қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды өлшем шарттары бойынша іріктеу жүргізіледі. Қаупі жоғары аймақтарда тұратын адамдар, қалалық шұғыл қызметті шақыртқандар санаты мен тұрғын үй кешендерін қамтиды. Басқарма шлагбаумдарды орнатпайды. Ол тек автокөліктердің мемлекеттік нөмірін тану жүйесін шлагбаумдарға орнатып береді, - деді ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...