Биыл еліміздің 7 өңірінде автожол жобалары аяқталады

27 Қараша 2020, 22:04
1129
Бөлісу:
Биыл еліміздің 7 өңірінде автожол жобалары аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпқа келтірудің 8 учаскесі қолданысқа берілді. Құрылыс еліміздің 7 өңірінде аяқталды.

Мәселен, Павлодар облысында «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тасжолының 91 шақырымы пайдалануға берілді. Солтүстік Қазақстан облысында жолшылар ұзындығы 36 шақырым болатын «Петропавл- РФ шекарасы (Курган), Көкшетау қаласына кіреберіс» учаскесін қайта жаңартты. Ал Маңғыстау облысында «Бейнеу – Ақжігіт» жолының 0-85 км учаскесі және «Жетібай-Жаңаөзен» жолының 73 шақырымы тапсырылды. Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш-Атырау» автожолының ұзындығы 17 шақырымдық учаскесі реконструкциядан өтіп, қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, Атырау облысында «Атырау-Астрахань» тасжолының 20 шақырымдық аумағы мен Алматы облысында «Үшарал – Достық» жолының 30-60км учаскесі де жаңартылды. Сондай-ақ, жол компанияларымен Орталық-Оңтүстік дәлізінің екі аумағы пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 47 шақырымды құрайтын Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары.

Айта кетейік, биыл елімізде құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарымен  республикалық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырым қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы