Биыл елімізден қанша адам көшіп кетті?
12 Қараша 2021, 17:38 168

Биыл елімізден қанша адам көшіп кетті?

Үш тоқсан ішінде Қазақстаннан 25 мыңнан астам адам кеткен. Зерттеулерге сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 7,2 мың адам келген, бұл 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 21,5%-ға аз деп хабарлайды Ranking.kz.

Дәл осы уақыт аралғында 25,3 мың тұрғын елден кетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,1%-ға көп, – дейді сарапшылар.

Биыл Қазақстанға келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан: 2,5 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,8%-ға көп. Екінші және үшінші орынды Ресей мен Қырғызстан иеленді. Осы үш ел келушілердің 74 пайызын құрап отыр.

Қазақстан азаматтары көп жағдайда Ресейге көшеді: 21,2 мың адам немесе барлық эмигранттардың 83,6 пайызын құрайды. Қазақстандықтар қоныс аударатын үш елдің қатарына Германия мен Польша да кірді, – дейді сарапшылар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...