Биыл елімізде 836 әкім сайланады

5 Мамыр 2021, 13:33
1755
Бөлісу:
Биыл елімізде 836 әкім сайланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысының аудан әкімдерін сайлау ұсынысы бірінші оқылымда қабылданды.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірлеуді тапсырған. 

Соған байланысты заң жобасында «Сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізілу көзделіп отыр. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, қазір елімізде 2345 әкімшілік-аумақтық бірлік бар. 

Оны ішінде, биылғы екінші жартыжылдықта 836 әкім тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады. «ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, біліктілік талаптарына сай келген және 25 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы сайлана алады. Сондай-ақ, саяси партия мүшелері және сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% пайызына қол жинаған кандидаттар сайлауға түсе алады. Бұл ретте, аудан әкімінің, егер кандидаттар болмаған не біреуі ғана ұсынылған жағдайда, екі не бір кандидаты ұсынуға құқығы бар, - дейді Ә. Ерғалиев. 

Заң жобасында барлық кандидаттар үшін ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу көзделген. 

Сайлау 40 күн бұрын жарияланады. Ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады. Өз кезегінде сайланған әкім жүргізіп жатқан жұмысы үшін халыққа есеп береді, - министр.

Өзгелердің жаңалығы