Биыл елімізде 206 индустриялық жоба жүзеге асырылады

15 Қыркүйек 2020, 09:25
1535
Бөлісу:
Биыл елімізде 206 индустриялық жоба жүзеге асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміздің өңірлерінде 996 млрд теңгені құрайтын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, индустрияландыру картасы әр өңірдің түрлі секторларын қамтиды. Сондай-ақ әр өңір дамуының ерекшеліктері ескеріліп жасалды. Жобалар іске асқанда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Салалар бойынша алсақ, агроөнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі бойынша 76 жоба, құрылыс материалдары өндірісі 38 жоба мен машина жасау өнеркәсібінде 19 жобаны іске асыру көзделген. Жобаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелер әкімдіктермен бірлесіп шешілуде, - деді ол.
Оның айтуынша, осы жылдың сегіз айында 204 млрд теңгенің 28 жобасы іске асырылып, 4300 жұмыс орны ашылады.

Үшінші тоқсанда жалпы соммасы 97 млрд теңгенің 14 жобасын іске асыру жоспарланған. Жобалардың негізгі бөлігі биыл төртінші тоқсанда іске қосылады.

Инвестиция жағынан алғанда Қарағанды, Ақтөбе, Алматы облыстары көш басында тұр. Биыл Қарағанды облысында ғана 203 млрд теңгенің 12 жобасы іске қосылмақ. Олардың қатарында «Linde Gas» ЖШС техникалық газ өндіру бойынша Орта Азиядағы ірі жоба іске қосылады. Жобаның жалпы сомасы 27,5 млрд теңге. Өнімінің 80 пайызы экспортқа бағытталған ферросилиция зауытын іске қосу сынды жобалар бар, - деп атап өтті министр.

Өзгелердің жаңалығы