Биыл ел экономикасы өседі – Ұлттық банк болжам жасады

15 Қаңтар 2022, 12:41
1532
Бөлісу:
Биыл ел экономикасы өседі – Ұлттық банк болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, Ұлттық банктің болжамына сәйкес биыл ел экономикасы өседі.

Ұлттық Банктің желтоқсан айындағы болжамына сәйкес Қазақстан экономикасы осы жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары болған кезде 3,9-4,2%-ға өседі. Біздің валюта нарығымызға тікелей әсер ететін факторларға жеке тоқталып өтейін. Біріншіден, мұнай бағасы теңге үшін іргелі факторлардың бір болып табылады. Оның серпініне Covid-19-бен байланысты ахуал қатты әсер етіп келеді. Көптеген талдаушылардың пікірінше, мұнай нарығының перспективасы оң болып қалуда – сұраныс та біртіндеп қалпына келуде, - деді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, бұл байқалып отырған мұнай ұсынысының шамалы ғана тапшылығын ескере отырып, «қара алтын» бағасының өскенін білдіреді.

ОПЕК+ елдерінің бұдан кейінгі саясаты және өндіруді ұлғайту қарқыны маңызды рөл атқаратын болады. Алайда, энергия тасымалдаушылар нарығы үшін Covid-19-бен байланысты ахуалдың нашарлауы және Иран мұнайын экспорттауға АҚШ эмбаргосы күшінің жойылуы негізгі тәуекелдер болып қалады, - деп атап өтті Ұлттық банк өкілі.

Сондай-ақ ол 2022 жылы нарықтың серпінін айқындайтын негізгі факторларды атады.  

Биылғы нарықтың серпінін Сovid-19-ға байланысты бұдан былайғы жағдай, ФРЖ және басқа орталық банктердің ақша-кредит саясатының бағыты, әлемдегі инфляцияның жеделдеуі сияқты негізгі факторлар айқындайтын болады. Әлемдік экономиканы қалпына келтіру жалғасуда. ЭЫДҰ 2022 жылы жаһандық ІЖӨ-нің 4,5%-ға өсуін күтуде, - деді Ұлттық банк  төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы