Биыл бірінші сыныпқа 400 мыңға жуық бала барады – вице-министр

6 Маусым 2020, 12:48
1217
Бөлісу:
Биыл бірінші сыныпқа 400 мыңға жуық бала барады – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көптеген өңірде цифрландыру аясында қызмет автоматтандырылды, бұл ата-ананың қаражаты мен уақытын үнемдейді. Биыл мектепке қабылдау сервисі де оңтайландырылған. 

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бірінші әр ата-ана мектептің сапасын, материалдық базаны seda.edu.kz сайтынан көре алады. Сонымен қатар, мектептерді салыстыруға және талдауға болады. Екінші аймақта мектепке қабылдау сайтын қалай пайдалану керектігін іздеудің қажеті жоқ. Үйреншікті egov.kz-ке кіресіз. Үшінші оңтайландыру жылына 1 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді, -  деп жазды вице-министр.
Сондай-ақ, ол биыл бірінші сыныпқа 400 мыңға жуық бала баратынын, талапкерлер де биыл ЖОО мен колледждерге электронды түрде тапсыратынын хабарлады.
Өзгелердің жаңалығы