Бас жаңалықтар
Биыл Бәйдібек ауданында жылына 800 тонна өнім өндіретін жылыжай ашылады
22 Қыркүйек 2020, 02:48 182

Биыл Бәйдібек ауданында жылына 800 тонна өнім өндіретін жылыжай ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылында жобалық құны 750 млн теңге болатын заманауи үлгідегі жылыжай кешені салынуда. Жалпы аумағы 5 гектар, жылыжайдың аумағы – 3 га, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жылыжайдың жылдық қуаттылығы – 700-800 тонна. Кешенде 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2019 жылдың тамыз айында құрылысы басталған жоба биыл толық аяқталып, жұмысын бастайды.

Бұдан бөлек, аталған жылыжай кешенімен іргелес жатқан «Бекет Тынысбаев» серіктестігі 2013 жылдан жылыжай кешенімен айналысып келеді. Бұл аудандағы алғашқы құрылған жылыжай шаруашылығы. Жалпы аумағы 50 сотық. Онда қазіргі таңда 12 адам жұмыс істейді. Жылына 2 өнім алады. Алғашқы өнімге қызанақ егіп, 50 сотық жерден 48 тонна өнім алған. Оны серіктестік иесі Амина Сыздықова аудан мен Шымкент қаласына 150 теңгеден саудалаған. Екінші өнімге қияр еккен. Жылыжай жылына 70 тонна өнім алып отыр.

Айта кетерлігі, Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2539 құрылым бар. Атап айтқанда, 2161 шаруа қожалық, 128 өндірістік кооператив, 249 жауапкершілігі шектеулі кәсіпкерлік жұмыс істейді. Жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 539 129 гектар. 2020 жылдың 8 айында ауданда 17 млрд 333,5 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...