Биыл Атырау облысында 174 тонна ауыл шаруашылығы өнімін алу жоспарланып отыр
4 Мамыр, 21:00 455

Биыл Атырау облысында 174 тонна ауыл шаруашылығы өнімін алу жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен   аппараттық жиын өтті.

Мәжілістің күн тәрібінде өңірдегі көктемгі егіс жайы мен ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды.

Биыл егістіктің жалпы көлемі 9 616 гектарды құрайды. Көктемгі дала жұмыстарына 353 ауыл шаруашылығы құрылымдары, 780 ауыл шаруашылығы техникалары қатынасады деп есептелуде. 450 тракторлар, 330 ауыл шаруашылығы машиналары мен су насостары. Техникалар көктемгі дала жұмыстарына дайын,- деді  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Сонымен қатар аймақ басшысы қала маңындағы саяжай мәселелерін қарауды тапсырды.

Жүйелі түрде жоспарымызды айтуымыз керек. Қаржылай қолдау көрсетілетін болса, ол тиімді жұмсалуы керек. Мәселен бір Исатай ауданындағы шаруа жолдың бойынан өтіп жатқан ауыз суды қосып беруді сұрайды. Егер оған қосылса, бір елді мекен ауыз сусыз қалу қаупі бар. Сондықтан осындай мәселелерді екі жақты реттей отырып шешу керек, деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Бұдан бөлек, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Азамат  Айтқалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жылдық жоспарда аусыл ауруынан басқа сиыр малына 7 түрлі 650 600, қой мен ешкіге 3 түрлі  1 264 505 доза вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі.

-2022 жылы облысымызда құтыру, нодулярлы дерматит, сібір жарасы, қарасан, пастереллез, инфекциялық ринотрахейт, оба, эхинококкоз аталатын мал ауруларының 9 түріне профилактикалық және 2 түрін анықтау жұмыстарына 2 065 805 доза препаратпен профилактикалық жұмыстар жүргізілсе, бруцеллез ауруына сиыр, қой мен ешкі және түйе малдарының жастан асқан барлық мал басы тексеріледі, бұл мақсатта биылғы жылдық жоспар бойынша 1 068 049 қан сынамасын ветеринариялық зертханаға жеткізіледі.

Жиын соңында аймақ басшысы басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...