Бас жаңалықтар
Биыл Қашағанда 12,9 млн тонна мұнай өндіру көзделген
28 Мамыр 2019, 20:55 535

Биыл Қашағанда 12,9 млн тонна мұнай өндіру көзделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы «ExxonMobil» басқарушы директоры Динеш Сивасамбумен кездесу өткізді. Бұл туралы Рrimeminister.kz мәлімдеді. 

Кездесу барысында мұнай-газ саласында, соның ішінде Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланды. 

ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, биыл Қашағанда 12,9 млн-ға жуық тонна мұнай және 8 млрд м3 газ өндіру көзделген. Реконструкциялау жұмыстарынан кейін кен орнында тәулігіне 70 мың баррель деңгейінен бастап өндіру қайта жаңартылды. Біртіндеп арттыруды ескере отырып, таяу перспективада күнделікті көлем 370-400 мың баррель мұнайға жетеді. 

Сондай-ақ, Теңіз кен орнының нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұған қоса, Хазар кен орнымен бірге Қаламқас-теңіз кен орнын игеру мәселесі пысықталуда. 

ExxonMobil-дың Қазақстанның маңызды серіктесі екені аталып өтті, компаниямен тығыз ынтымақтастық еліміздің мұнай саласын дамытуға ықпал етеді.

Загрузка...