Биыл Аралда жаңа мектеп салынады

11 Наурыз 2021, 00:36
2154
Бөлісу:
Биыл Аралда жаңа мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Арал қаласындағы №71 мектеп-интернаттың іргетасы қаланады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Аудан әкімінің мәліметінше, Арал өңірінде құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандар көп.

Өткен жылы 22 799 шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Арал қаласынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы, Арал қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысы, 250 орындық оқушылар үйінің құрылысы, Жаңақұрылыс, Қызылжар, Қаратерең, Бөген, Райым ауылында биотермиялық шұңқырлардың құрылысы жүргізілді, – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Сонымен қатар, Жақсықылыш кентіндегі дәрігерлік амбулаториясына жөндеу, мұрағат ғимаратына, Арал қаласындағы көпсалалы колледжі және индустриалды-техникалық колледжі күрделі жөндеуден өтті.

Өзгелердің жаңалығы