Биыл Алматыда ескі үйлердің 62 иесі бес қабатты жаңа үйге көшіріледі

25 Қаңтар 2021, 19:45
1710
Бөлісу:
Биыл Алматыда ескі үйлердің 62 иесі бес қабатты жаңа үйге көшіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша биыл ескі үйлердің 62 меншік иесін көшіру үшін 3 бес қабатты үй пайдалануға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі «ескі» кварталдарды кешенді қайта жаңартуды – ескі үйлерді бұзып, тұрғындарды жаңа үйлерге көшіруді тапсырды. Реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және құрылыс саласына инвестициялар тартуға бағытталған.

Алматы қаласының ескі тұрғын үй қорының жартысы Түрксіб ауданында орналасқан-609 ескі үй. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмаларының орындалу барысы туралы ӨКК брифингінде Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров хабарлады.

Ескі тұрғын үй мәселесін шешу үшін ағымдағы жылы Молдағалиев көшесі мен Сауранбаев көшесінің қиылысы бойынша 3 бес қабатты КПТҮ пайдалануға беріледі, одан әрі 3 үйді бұзып, 7 бес қабатты КПТҮ салынады. Сонымен қатар Осипенко көшесінде 2 бес қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде, - деді ол.

Сонымен қатар Котельников-Кассин көшелерінің ауданында-Сейфуллин даңғылы, «Qazaq Stroy» ЖШС 100 меншік иесін көшіру және одан әрі 15 үйді бұзу үшін 2 бес қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы