Бас жаңалықтар
Биыл Алматыда 56 мыңнан аса жұмыс орны құрылған
20 Қазан 2020, 16:55 148

Биыл Алматыда 56 мыңнан аса жұмыс орны құрылған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде қалада 56 223 жаңа жұмыс орны құрылған, оның – 28 977-сі тұрақты. 

Жаңа жұмыс орындарына келер болсақ, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері – 24 324, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша – 17 715, Өңірлерді дамыту – 824, «Бизнестің жол картасы - 2020» – 3 519, ЖҚЖК – 9 257, «Нұрлы жер» – 345, Білім мен ғылымды дамыту – 70, ИИДМБ – 169, - дейді ол.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында қала көлемінде 224 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, онда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 50 пайызы жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтар екен. 

Сонымен қатар, ол биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстар жоспары 3 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтылғанын айтты. 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің осы шарасын 15,6 мың жұмыссыз пайдаланды. Басқа да уақытша жұмыс орындарына 2,6 мың адам жіберілді, оның ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің 1,4 мың түлегі жастар практикасына жіберілді. Оған қоса, жұмыссыздарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жалғастырылды, 1 005 адам жіберілді, курстар аяқталғаннан кейін бұл жұмыссыздар тұрақты жұмысқа жіберілетін болады, - деді Данияр Әлкебайұлы.

Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде өз бизнесін ашуға немесе бар бизнесін алға жылжытуға 200 АЕК мөлшерінде 1 705 өтеусіз грант берілген. Негізгі қызмет түрлері – тігін ісі, тамақ дайындау, маникюр және шаштараз өнері және тағы басқалары. 

Сөз арасында ол пандемия басталғалы халықтың 63 мыңнан астам осал тобы азық-түлік себеттерін алғанын, оған 576 млн теңге жұмсалғанын жеткізді. 

Оның ішінде демеушілердің көмегі де бар. Сондай-ақ, табысын жоғалту бойынша 674 мыңдай адамға 42 500 теңге көлемінде көмек берілді. Оған 36,6 млрд теңге бөлінді, бұл жұмыс аяқталған жоқ, егер осы көмекті алмағандар болса, 1 желтоқсанға дейін құжаттарын өткізе алады, - дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...