Биыл Алматы облысында 8 мектеп пайдалануға беріледі

14 Тамыз 2020, 22:25
1866
Бөлісу:
Биыл Алматы облысында 8 мектеп пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы мемлекет қолдауының арқасында Алматы облысында 32 білім нысанының құрылысы жүруде. Соның 23-і мектеп, 4-еуі жатақхана, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар "Жұмыспен қамту жол картасы" шеңберінде жалпы сомасы 27 млрд теңге болатын 1500 орындық  тағы 6 мектептің құрылысы жоспарланған. Талдықорғанда 288 орындық жатақхана, Қарасай ауданы Әйтей ауылында 1200 орындық мектеп, Кеген ауданы Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы мектептің спорт және мәжіліс залдары мен ас әзірлейтін бөлігінің құрылысы аяқталды.
Алдағы 1 қыркүйекте 6 мектеп іске қосылады. Атап айтқанда, бұлар - жалпы орнының саны 2600 болатын Жамбыл ауданы Жайсаң ауылындағы, Іле ауданы Түймебаев ауылындағы, Қарасай ауданы Шамалған стансасы мен Әйтей ауылындағы, Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылындағы, Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы мектептер. Ал соңына дейін тағы 480 орындық 2 мектеп – Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы және Ескелі ауданының Абай ауылындағы мектептер пайдалануға берілмек. Сөйтіп, биылғы жылы 8 жаңа мектеп балалардың игілігіне ұсынылатын болады, – делінген хабарламада.  

2020 жылы "Жұмыспен қамту жол картасы" және "Ауыл-ел бесігі" бағдарламалары аясында және жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 23,9 млрд. теңгеге 55 білім нысанында күрделі жөндеу жүргізілуде. Оның 42-сі - мектеп, 2 – колледж, 5- балабақша, 1 - ОӨК, оған қоса 5 мектептің ауласы абаттандырылып, спорт және балалар алаңдары ашылады. Білім нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстары 30 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланған.

"Жұмыспен қамту жол картасын" жүзеге асыру нәтижесінде мектеп ішіндегі дәретханалардың мәселесі шешілді. Жалпы 347 мектептің дәретханасы ғимарат ішіне орнатылады. Бүгінгі күнге 131 мектепте бұл жұмыстар аяқталған.





Өзгелердің жаңалығы