Биыл Ақтөбе облысында 348 шақырым автожол жөнделді

4 Қараша 2021, 14:00
797
Бөлісу:
Биыл Ақтөбе облысында 348 шақырым автожол жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе обысының әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ақтөбе облысы өзінің географиялық орналасуына байланысты айтарлықтай көлік әлеуетіне ие. Бұл ретте, бүгінде өңірдегі автожолдардың сапасын жақсарту мәселесі өзекті болып қалуда.

Осыдан он жыл бұрынғы   мәліметтерге сүйенсек, ол кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі небары 42% болған екен, ал 2019 жылы 56.5% құраған.

Бүгінгі күні  облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 61% құрайды. Осы бағытта әлі де көптеген жұмыстар жүргізілуде,- деді Оңдасын Оразалин.

Биыл 14,3 млрд. теңгеге 348 км жол жөнделді. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша 450 км астам жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз.  

Соның нәтижесінде  жалпы алғанда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66%  жетуі тиіс.

Атап айтқанда, «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолын», «Ақтөбе-Орск», «Қобда-Мәртөк» автомобиль жолдарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу сынды ірі жобаларды аяқтау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы