Биыл 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді – министрлік

13 Қараша 2020, 12:19
1039
Бөлісу:
Биыл 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,7% - ға артық. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында жазды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар қазіргі уақытта 75,8% - ға орындалды.

Республика бойынша барлығы 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 34 535 жеке үй. Өсім 15 өңірде байқалады:

Шығыс Қазақстан (116,7%), Солтүстік Қазақстан (112,5%), Қарағанды (110,3%), Павлодар (109,6%), Қостанай (109,5%), Алматы (108,5%), Түркістан (107,9%), Жамбыл (107%), Батыс Қазақстан (102,7%), Ақмола (101,6%), Маңғыстау (100,9%), Ақтөбе (100,5%) облыстары мен Нұр-сұлтан (154,6%), Алматы (103,6%) және Шымкент (103,1%) қалалары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі Республиканың 2 өңірінде байқалады: Атырау (88,4%) және Қызылорда (91%) облыстарында.

Өзгелердің жаңалығы