Биыл 7 мыңға жуық атыраулықтың баспана мәселесі шешіледі

29 Маусым 2020, 15:47
1208
Бөлісу:
Биыл 7 мыңға жуық атыраулықтың баспана мәселесі шешіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір Атырау облысында пәтер кезегінде 28 мыңнан астам тұрғын тұр. Биыл солардың 7 мыңға жуығының баспана мәселесі шешіледі. 

Осы мақсатта жыл басынан бері қаржыландырудың барлық көздері есебінен үй құрылысына 12,9 млрд теңге инвестиция бағытталды.

"Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл өңірде сатып алу құқығынсыз 157 пәтер жалға беріледі. Мұндай мүмкіндік халықтың аз қамтылған осал топтары мен көп балалы отбасыларына арналған. Ал кредиттік тұрғын үйге биыл 500-ге жуық тұрғын қол жеткізбек. Бұл бағыттағы баспана құрылысына 5 млрд теңге қаражат қарастырылған. 

Бұдан басқа, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несие берілетін "Бақытты отбасы" бағдарламасын іске асыруға 2020 жылы республикалық бюджеттен 239 тұрғын үй қарызына 2,4 млрд теңге бөлінеді.

Ал тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін 39 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл мақсатқа 10,3 млрд теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, биыл Атырау облысында баспана құрылысы жұмыстарына 2 мыңға жуық адамды тарту жоспарланған. Жалпы жыл басынан өңірде 1 467 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 975-сі - жеке үй.

Өзгелердің жаңалығы