Бас жаңалықтар
Биыл 23 млрд теңге болатын 8 жаңа жобаны іске қосамыз – Трұмов
23 Қараша 2020, 15:19 459

Биыл 23 млрд теңге болатын 8 жаңа жобаны іске қосамыз – Трұмов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аймақтың экономикалық жағдайына тоқталды.

Өңірде 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі макрокөрсеткіштер оң динамикасына қол жеткізілген. Яғни, өңдеу өнеркәсібі - 101,3%6 өңірге инвестиция тарту – 100,1%, ауыл шаруашылығы көлемі – 100,8%, құрылыс көлемі – 113,5%, тұрғын үйді іске қосу 100,9%-ға 969,5 шаршы метр пайдалануға берілді.

Өздеріңіз білетіндей әлемдік дерт экономиканың қай саласына да оңай тиген жоқ. Сондықтан да өңір экономикасын әртараптандыру мен дамытуда негізгі екпін өңдеу өнеркәсібі, туризм, құрылыс, көлік және логистиаға беріліп отыр. Өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 1,3 пайызға артып, 142,9 млрд теңгені құрады. Биыл 23 млрд теңге болатын 8 жаңа жобаны іске қосамыз. Нәтижесінде 370-тен астам жаңа жұмыс орны құрылады, - деді ол.

Әкім Мемлекет басшысының алға қойған басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл саланың өңір экономикасындағы үлесі – 31,8%-ды құрап, 17% өсіммен 692 млрд теңгенің өнімі шығарылды.

Бүгінде шағын және орта бизнестің 756 жобасы мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдаланды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, екі есеге артық. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 312 жоба 51,8 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. 1300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3700-дей жұмыс орны сақталды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы боынша 1,6 млрд теңгеге 317 шағын несие берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жеңілдетілген несие алуға құны 71 млрд теңгеге 101 жаңа жоба мақұлданды. Өздеріңіз білетін, бар-жоғы 1%-пен несие берілетін өңірлік «Nur-kapital» жобасы бірнеше жылдан бері жемісін беріп келеді. Биыл 548 миллион теңгені құрайтын 26 жоба қаржыландырылып, 128 жаңа жұмыс орны құрылды, - деді әкім.

Серікбай Трұмов 404 кәсіпкерге негізгі қарызды өтеу бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігі берілгенін жеткізді.

Әлемдік індеттің өршуіне байланысты кәсібі тұралап қалған өңірдің 17 мыңға жуық шағын және микро бизнес субъектілері салық төлеуден босатылып, жеңілдіктер берілді.Сонымен қатар, 404 кәсіпкерге жалпы сомасы 14,8 млрд теңгеге негізгі қарыздар мен сыйақы төлемін өтеу кейінге қалдырылды, - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...