Биыл 130 балқаштық баспаналы болады

16 Сәуір 2021, 00:20
1473
Бөлісу:
Биыл 130 балқаштық баспаналы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлер құрылысы жалғасуда. Биыл 18 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. 130 адам тұрғын үй алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбеков айтты.

Өткен жылы құрылыс қарқыны артты. 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп шаршы метр пайдалануға берілді. 120-дан астам тұрғын өз пәтерлерінің кілтін алды, – деді қала әкімі.

Қала басшысының айтуынша, 10-шағын ауданда 45 пәтерлі екі тұрғын үй салынған. Жеке инвесторлар 30 пәтерлік және 2 пәтерлік үйлер салды. Жеке тұрғын үй құрылысына бес мың шаршы метрден астам жер бөлінген.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 130 балқаштық баспаналы болады. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 42 пәтерді жалға алуға қаражат бөлінді.

Сонымен қатар «Самал» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жаңғыртуға қаржы салынған. Жақсартылған желілер 320 жер учаскесі мен екі білім беру мекемесіне өткізіледі.

Сондай-ақ жер телімдерін бөлу жұмыстары да жалғасуда. Биыл оларды кезекте тұрған 100 адам алатындығын айтты қала әкімі.


Өзгелердің жаңалығы