Биыл 123 объект жекешелендіріледі

14 Ақпан 2019, 11:28
2022
Бөлісу:
Биыл 123 объект жекешелендіріледі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы 123 объект сатылымға шығарылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, 898 объектінің 530-ы сатылған. Оның 473 объектісін сатудан 470 млрд теңге пайда түскен.

«Ал 280 объекті қайта құрылады немесе жұмысын тоқтатады. Осылайша, жекешелендірудің кешенді жоспары 84%-ке орындалды», - деді Әлихан Смайылов министрліктің алқа отырысында.

Осы орайда ол биыл мемлекет меншігіндегі қанша объект жекешелендірілетінін айтты.

«Осы жылы бізге 123 объектіні сатылымға шығару керек. Оның 48 объектісі өткен жылы жекешелендірудің кешенді жоспарына қосымша қосылды. Министрліктің мақсаты – жекешелендіруді уақытылы және сапалы өткізуді қамтамасыз ету», - деп түйіндеді сөзін министр.

Дәурен Ерболат

Фото: Ortcom.kz

Өзгелердің жаңалығы