Біржан Әуезов – жаңа буын педагогтерінің өкілі
7 Мамыр, 18:12 775

Біржан Әуезов – жаңа буын педагогтерінің өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-лық мұғалімнің жобасы арасында ауылдарда екі мың бала тегін ағылшын тілі мен бағдарламалау курстарынан өтті.

Жас ұстаз университетті тәмамдағаннан кейін бірден Шығыс Қазақстан облысындағы лицейлердің біріне жұмысқа орналасады. 

Ол белсенді оқушыларымен бірге «Talimger» және IT-club ерікті жобаларын қолға алды. Осының арқасында еліміздің әр өңірінен 2 мың бала ағылшын тілі мен бағдарламалау бойынша тегін курстардан өтуге мүмкіндік алды. 

Лицейге жұмысқа орналаса салысымен шәкірттеріме серіктес ретінде қарай бастадым. Оқушылармен бірге бірнеше олимпиадалар мен жарыстардан өткеннен кейін, «олар да ауылда тұратын балалармен өз білімдерін бөлісе алады» деген шешімге келдік. Алайда, кейінірек бұл жоба қала оқушыларының арасында да танымал болды. Бүгінгі таңда жоба тәуелсіз жұмыс істеп келеді. Мен тек жұмыс уақытында аяқталуы үшін оқушылардың іс-әрекетін қадағалаймын және жобаны одан әрі дамытуға кеңес беремін. Бүгінге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық бала ағылшын тілі, математика және бағдарламалау бойынша қысқа мерзімді тегін online/offline курстарынан өтті.  Оқушылардың көпшілігі 7-11 сынып оқушылары. IT-club-қа келетін болсақ, бүгінгі таңда бірінші топ үш айға созылған Python тегін курстарын аяқтады, - дейді Біржан Әуезов. 

Жобаның құрамында кеңесші ретінде 60-қа жуық бала тіркелген. Олардың барлығы облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 10-11 сынып оқушылары. Бұл жобамен оқушылар тек сабақтан бос уақытында ғана айналысады. 

Айта кетейік, Біржан Әуезовтің әкесі темір ұстасы, ал анасы мектепте тәртиеші. Бала кезінен ата-анасы оның бойына оқу мен білімге деген сүйіспеншілікті дарытты. Педагог білім саласында 5 жыл еңбек етіп келеді. Дегенмен жастығына қарамастан, ұстаз ағылшын тілінен 8-сыныпқа арналған «Алгебра» оқулығының бірлескен авторы. Биылдың өзінде ұстаздың 9 шәкірті әлемнің 100 үздік университетінің қатарына кіретін жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Бұл - оның еңбегінің нәтижесі. 

Біржан Әуезов қала оқушылары арасында алғашқы хакатонды өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...