Биржалық сауда-саттық уақытша тоқтайды
9 Қаңтар, 10:24 263

Биржалық сауда-саттық уақытша тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 8 қаңтарда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Биржалық комитет сырттай отырыс өткізді. 

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілгеніне және жекелеген биржалық тауарларға бағаларды уақытша реттеу белгіленгеніне байланысты, Биржалық комитет тауар биржаларында биржалық сауда-саттықты тоқтата тұруды ұсынды. Биржалық сауда-саттықты қайта бастау мәселесі елдегі ахуал тұрақтандырылғаннан кейін қаралатын болады, - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің баспасөз қызметі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...