Біртанов: Жансақтау бөлімінде жатқандардың төртеуі – бала

27 Маусым 2019, 17:46
1693
Бөлісу:
Біртанов: Жансақтау бөлімінде жатқандардың төртеуі – бала

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

Арыс қаласында болған жарылыстан кейін 24-25 маусым күндері  409 адам медициналық көмекке жүгінген. 

"Оның ішінде 329 адамға медициналық-амбулаториялық көмек көрсетіліп, 80 науқас ауруханаға жатқызылды. 16 науқас ауруханадан шығарылса, қазіргі таңда ауруханада 64 науқас жатыр. 9 науқастың жағдайы нашар, олар жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде төртеуі - бала. ",  - дейді Елжан Біртанов. 

Бүгінгі таңда бір науқас көз жұмған. 

"Жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету мәселесі шешілген. Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл облыстарынан 20 бригада жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, Алматы қаласынан Ұлттық санитариялық авиациялық орталықтан мамандар көмек жасап жатыр. Қазіргі уақытта екі бала Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылуға дайындалып жатыр. Бүгін олар санитарлық авиация арқылы Ұлттық ана мен бала орталығына ауыстырылады. Енді бір науқас Алматы қаласындағы медициналық жедел жәрдем аурухнасына ауыстырылады. Қажетті дәрі-дәрмек пен керекті медициналық құрылғылар сол жақта ұйымдастырылған",  - дейді министр. 

Сондай-ақ, басқа облыстардан 140 дәрігер көмектесіп жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы