Біртанов: Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің айқын үлгісі

1 Маусым 2020, 21:13
1820
Бөлісу:
Біртанов: Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің айқын үлгісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен күресте алғы шепте жүрген жандарға алғыс айтты.

Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жолында жан салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге ерекше алғыс білдіремін. Сіздер елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігін күзеттіңіздер. Біз Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз және елдің амандығы үшін үлкен үлес қосқандарыңызды түсінеміз. Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің, батылдық пен ынтымақтың айқын үлгісі! Өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін! - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы