Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада ҚР Денсаулық министрлігінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары мен 2019 жылы алға қойған міндеттері бойынша кеңейтілген Алқа отырысы өтті.
Шараға ҚР Парламент депутаттары, Президент әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен Қоғамдық Кеңес мүшелері, әкімдердің орынбасарлары, облыстық денсаулық сақтау басшылары қатысты."Медициналық қызметтік қолжетімділі мен сапасын жоғарылату - ең басты міндет болып саналады. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік желі арқылы медицина саласы туралы халықтың ойын зерттеп, халықты не мазалайтынын анықтады. Ең жиі кездесетін мәселе - емхана, жедел жәрдем және ауруханалардың қабылдау бөлімшелерінің қызмет көрсету сапасы. Екінші мәселе медициналық қызметтің қолжетімділігі, яғни түрлі-түрлі медициналық технологиялар мен дәрі-дәрмектердің бағасына байланысты", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Ол көп жағдайда азаматтар медициналық қызмет қалай ұйымдастырылатынын, қандай жүйемен жұмыс істейтінін, медициналық қызметтер бүгінгі таңда стандарттандырылғандығын біле бермейтінін айтты.
Алқа отырысы онлайн режимде өтті және шараға 400-ге жуық адам қатысты.
Зарина Әбілмәжінова