Бас жаңалықтар
Біртанов дәрігерлерге алғыс айтты
28 Ақпан 2020, 23:10 222

Біртанов дәрігерлерге алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі дәрігерлерге, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық қызметкеріне, санитарлық зертханалардың, сондай-ақ жедел жәрдем дәрігерлеріне ерен еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен карантинге жабылған азаматтарға медициналық көмек көрсеткен емхана, аурухана мамандарына да көп рақмет! – деп жазды министр facebook парақшасында.

Елжан Біртанов дәрігерлер ешбір қиындыққа, қауіп-қатерге қарамастан, кәсіби борышын абыроймен атқарып келе жатқанын айтып өтті.
Сіздердің арқаларыңызда және сіздердің мамандық алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиеттеріңіздің арқасында Қазақстан медицинасы күн сайын өршіп келе жатқан жаһандық індетті жеңе алатынына сенімдімін, – дейді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...