Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

24 Қараша 2019, 16:41
2635
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

25 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс пен оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%, - делінген хабарламада.

Түнде 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. 

Петропавл қаласында түнде 25 қарашада қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Сондай-ақ, 25 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.


Өзгелердің жаңалығы