Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

12 Қаңтар 2022, 19:43
1392
Бөлісу:
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 13 қаңтар күнгі ауа райы болжамына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. 

Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде облыстың шығысында тұман түседі.

Қарағанды қаласында күндіз жаяу бұрқасын болады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.

Қызылорда қаласында кей уақытта тұман болады.

Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман түседі.

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман болады. 

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстік жартысында 15-20 м/с жетеді. 

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын соғып, түнде және таңертең тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы