Бас жаңалықтар
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
16 Мамыр 2021, 04:11 266

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 16 мамырда Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 16 мамырда батыстан жел соғады, 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Павлодар облысының кей жерінде найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында күндіз 16 мамырда найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

16 мамырда Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысында күндіз кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 жел соғып, түнде екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...