Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 Тамыз 2020, 20:48
1107
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыс, оңтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерде найзағай, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігіндежаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және тәңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

13 тамызда Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/сжетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.



Өзгелердің жаңалығы