Бірнеше облыстың жолдарына шектеу қойылды

3 Наурыз 2021, 20:33
1505
Бөлісу:
Бірнеше облыстың жолдарына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын көктем уақытында қыс мезгілінен кейін жолдарды сақтау үшін бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Бұл ереже бірінші наурыздан бастап 7 облыстағы тас жолдарда қолданыла бастады.      

«Бесінші климаттық-жол аймағына» Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары кіріп отыр. Мұндағы уақытша шектеу 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында сақталмақ.

Шектеу төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралармен айналысатын, жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік, жолаушылар, жолжүк, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын көлік құралдарына қолданылмайды.

23 наурыздан 1 мамырға дейін аталған шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​(Қарағанды облысы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы