Бас жаңалықтар
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
19 Ақпан 2019, 16:53 330

Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.


20 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын, облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерде 23-28 м/с күтіледі.

Шымкент қаласы 20 ақпанда кей уақытта қатты жауын-шашын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Түркістан қаласы 20 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

20-22 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 20 ақпан таңертең және күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

 


Сізден жаңалық