Бас жаңалықтар
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды
16 Ақпан 2020, 17:27 1165

Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы тәуліктерде еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 16-18 ақпанда Атырау қаласы мен Атырау облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

17 ақпан күні Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

17 ақпанда Ақмола облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...