Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

22 Ақпан 2019, 14:57
1525
Бөлісу:
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 23 ақпан күні ауа райына байланысты дабылды ескерту жасады.

23 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 23 ақпанда жаяу бұрқасын болады, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Өзгелердің жаңалығы