Тоқаев: Баршаңызға мызғымас денсаулық, бірлік тілеймін

8 Шілде 2020, 20:53
2109
Бөлісу:
Тоқаев: Баршаңызға мызғымас денсаулық, бірлік тілеймін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін республикалық телеарналар арқылы үндеу жасаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді жігерлендіретін сөздер айтты.

Құрметті отандастар! Біз тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгін ұрпаққа бұл індетке де төтеп береді деп сенемін. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар."Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып", ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтеміз. "Денсаулық зор байлық" деген дана халқымыздың сөзінің қадірін білейік, әр азаматтың амандығы үшін күресейік. Баршаңызға мызғымас денсаулық, бірлік тілеймін!, - деді Тоқаев.
Өзгелердің жаңалығы