Бас жаңалықтар
«Бірлік» партиясы астанада V съезін өткізді
30 Қыркүйек 2020, 17:34 214

«Бірлік» партиясы астанада V съезін өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бірлік» партиясы Нұр-Сұлтанда кезектен тыс V съезін өткізді. 

Бейнеконференция режимінде өткен съезге партияның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық өңірден өкілдері қатысты. 

Партияның төрағасы Серік Сұлтанғалидің сөзінше, съезд аясында делегаттардың, сондай-ақ партияның барлық аймағындағы мүшелерінің ұсыныстары қабылданды. 

Біздің партиямыз өз жұмысына дәлелсіз әдіспен назар аудартудан қашанда аулақ болды. Жұмысымызда біреуге ұнау жағдаяты болған емес. Біздің партия – нақты істер партиясы. Nur Otan ішкі праймериз жүргізуде, басқа партиялар да белсенділік танытып отыр. Уақыт белсенділікті талап етіп отырғаны түсінікті, - деп атап өтті «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали. 

Сонымен қатар, ол «Ауыл» партиясымен бірігу мәселесіне қатысты түсініктеме беріп өтті. 

Есейген партия ретінде, барлық саяси оқиғаға қатысуға күшіміз бар және оған дайынбыз. Біздің партиямыздың қағидаты – құрғақ уәде бермеу, яғни сайлаушылар мен халықтың алдында көпті уәде етіп, бос сөз айтпау. Мысалға, бір ауылға су құбырын жүргізіп берсек те, бұл нақты жұмыс болар еді. Аз болса да, жұмыс. Егер бір көпбалалы отбасына бірер келі ұн, кәмпит апарып, ақшалай көмектессек – бұл нақты іс, - деді партия төрағасы. 

Съезд барысында партия Жарғысына өзгерістер енгізілді.

«Бірлік» саяси партиясы қоғамдық бірлестігінің Жарғысы 2016 жылдың 3 ақпанында бекітілген. Партия органдарының шешімдерді жедел қабылдау және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізу мақсатында партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Жарғыға енгізілетін негізгі және маңызды өзгерістер мыналар: шешімдерді жылдам қабылдау мақсатында «Партияға жаңа мүшелерді қабылдау туралы шешім шығару мүмкіндігі» бөлімінде партия төрағасының өкілдігі толықтырылды, партия съезінің құзыреті толықтырылды. Жарғы партия съезінің отырысын бейнеконференция режимінде өткізуге мүмкіндік беретін бөліммен толықты. Партия съезінің шешімдерін жедел қабылдануын қамтамасыз ету және әкімшілік шығындарды қысқарту мақсатында партия съезін бейнеконференцбайланыс режимінде өткізу қарастырылып отыр, - деді партия хатшысы Мұрат Қожамқұлов. 

Сондай-ақ, партия төрағасының құзыреті, сондай-ақ оның өкілеттігін өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтату жағдайында партияның жаңа төрағасын сайлау тәртібі толықтырылды. 

Партия төрағасы өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішті беру кезінде Саяси кеңес партияның жаңа төрағасының сайлануын қамтамасыз ету міндеті жүктелетін атқарушы хатшыны сайлайды, - деп қосты Қожамқұлов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//