Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады - БҒМ

3 Наурыз 2021, 21:21
1686
Бөлісу:
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады - БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі - делінген хабарламада.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы