Бас жаңалықтар
Біріккен Араб Әмірліктері халқының 100 млн доллар қарызын кешірмек
24 Ақпан 2019, 14:47 496

Біріккен Араб Әмірліктері халқының 100 млн доллар қарызын кешірмек

Астана, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі халықтың жалпы сомасы 361 миллион дирхам (98 млн $ астам) қарызын есептен шығару туралы 13 банкпен келісімге келген. Бұл жайында Gulfnews басылымы хабарлады.

Ел Үкіметі жанындағы Берешекті реттеу қоры жоғарғы комитетінің төрағасы Джабер Мохаммад Әл Сувейдидің айтуынша, бұл барлық азаматтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттырып, ең жоғарғы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап өтсек, 2017 жылға дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде салық төлемеу қылмыстық құқық бұзушылыққа жататын. Кейінен салық төлемегендерге айыппұл ғана салынатын болды.


Сізден жаңалық